- Басты
- Жаңалықтар
- Комиссия әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығына үміткерлерді анықтады
Комиссия әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығына үміткерлерді анықтады
Гүлшара Әбдіқалықова ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясы мен Бес институционалдық реформаны одан әрі іске асыру ісінде экономикалық өсу мен адами капиталдың дамуын қамтамасыз ететін елдің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде ғылымның рөлі ерекше атап өтті.
«Бұл реформалар білімге негізделген ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан ғылыми қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ ғалымдарды үздік ғылыми зерттеулерге ынталандыру, инновацияларды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалды», – деді Мемлекеттік хатшы.
Сыйлыққа үміткер ретінде экономиканың түрлі салаларында жаңа өнім мен технологияларды жасап шығару жөнінен мойындалған ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет нәтижелері ұсынылды.
3 маусымда комиссияның алғашқы отырысы өтіп, онда 26 жұмыс қаралды, соның 9-ы одан әрі конкурсқа қатысу үшін ұсынылды.
Алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізбесі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Екі ай ішінде оларды көпшілікпен талқылау жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия Елбасыға ұсынылатын үміткерлерді анықтады.
Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит