- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық комиссия мүшелері Маңғыстау облысының іскер әйелдерімен кездесті
Ұлттық комиссия мүшелері Маңғыстау облысының іскер әйелдерімен кездесті
Жұмыс сапары аясында Ұлттық комиссия мүшелері облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына қатысып, онда облыстық комиссияның ағымдағы кезеңдегі қызметі туралы есебі тыңдалды және әйелдер көшбасшылығының мәселелері, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру бойынша қабылданған шаралар барысы талқыланды.
Сонымен бірге, Ұлттық комиссияның мүшелері Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалары Офисінің басшысы, Елші Наталия Заруднаяның қатысуымен өткен «Саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің қағидалары» тақырыбында семинар-тренингке қатысты.
Семинар әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында гендерлік аспектілерді кешенді түрде қолдануға жергілікті атқару органдарының өкілдерін, облыс мекемелерінің басшыларын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар басшыларын оқытуға бағытталған.
Бұдан кейін Ұлттық комиссия мүшелері Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті базасында ұйымдастырылған «Кәсіпкер әйелдің бет-бейнесі» атты көрме жұмысымен танысты.
Сол күні Е. Тарасенко мен Л.Сүлеймен Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында ауданның іскер әйелдерімен кездесті. Кездесу барысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту келешегі туралы пікір алмасты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары облыстық комиссия жұмысын күшейту жөнінде бірқатар ұсынымдар берді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі