• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев «Даму» қоры тарапынан қаржыландырудан максималды пайданы қамтамасыз етуді тапсырды

Б.Сағынтаев «Даму» қоры тарапынан қаржыландырудан максималды пайданы қамтамасыз етуді тапсырды

2 Қазан, 2015 18:29
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры құралдарының тиімділігі мәселелері бойынша селекторлық жиын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асырғалы бері сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау есебінен 6 318 жоба қаржыландыру жағдайын жақсартты. Берілген субсидиялардың жалпы көлемі 104 млрд. астам теңгені құрады. 

Бұдан өзге, 1 322 кәсіпкер 58,457 млрд. теңге сомаға несиелер бойынша кепілдіктерге ие болды. Жаңадан бастаған бизнесмендерге 1,139 млрд. теңгеге 383 грант берілген.

ШОБ өкілдеріне кәсіпкерлік негіздерін оқыту, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру сияқты қаржылай емес қолдау шаралары көрсетілуде.

Бес жылдың ішінде бағдарлама қатысушылары 297 млрд. теңге сомаға салық төледі, 3,5 трлн. теңге көлемде түсім алынған, жұмыс орындары сақталып, 251 мың жұмыс орны құрылды. Бірыңғай бағдарламаны жүзеге асыруға 2015 жылы 49,8 млрд. теңге қарастырылған.

Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне «Даму» қорымен бірге бөлінген қаржылай қаражаттан максималды пайда алуға баса көңіл бөле отырып, ШОБ субъектілеріне қолдау құралдарын ұсынуды жалғастыру тапсырылды.
 

Барлық жаңалықтар