- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында экономикалық қауіпсіздік мәселелері талқылануда (ФОТО)
Ақмола облысында экономикалық қауіпсіздік мәселелері талқылануда (ФОТО)
Шараны ұйымдастырушылар – Жоғарғы сот, Қазақстан судяларының одағы, Германиялық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры (IRZ), Америкалық заңгерлер қауымдастығының өкілділігі (ABROLI) мен АҚШ халықаралық даму бойныша агенттігі (USAID).
Конференцияға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Жоғарғы Соттың судьялары, Қазақстанның Судьялар одағы Орталық кеңесінің хатшысы Сансызбек Райымбаев, республикадағы облыстық және оған теңестірілген соттардың апелляциялық сот алқаларының төрағалары, Бас прокуратураның, Ішкі істер, Қаржы министрліктерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
Шетелден бірқатар сарапшылар шақырылды. Атап айтқанда, олардың қатарында Дрезден қаласы прокуратурасының прокуроры Карин Шрайттер-Скворцов (Германия), Түмен мемлекеттік университетінің конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының докторы Иван Тарасевич (Ресей) бар.
«Экономикалық қылмыс және сонымен байланысты экономикалық қатынастардың қылмыстық сипат алуы бүгінде кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең басты қауіптердің бірі болып табылады. Экономикалық қылмыстарға қарсы сенімді әрі тиімді жүйе ғана еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің кепілі бола алады. Сондықтан да Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең маңызды ұлттық басымдықтардың бірі болып табылады» - деді Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин.
Сонымен қатар, ол қаржы-экономикалық дағдарыстың ғаламдануы жағдайындағы экономикалық қылмыстар тұрғысынан экономикалық қауіпсіздік проблемасының теориялық және тәжірибелік аспектілерін талқылау қажеттігін атап өтті.
«Екі күндік конференция жұмысының шеңберінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар, соның ішінде лауазымдық қылмыстар мен кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметке қарсы қылмыстардың түрлері талқыланатын болады», - делінген хабарламада.
Конференция жұмысының соңында ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұру тетіктерін жетілдіруге, қылмыстық сот төрелігінің құқықтық базасының қарқынды жаңартылуы жағдайындағы адамдардың заңмен қорғалатын құқықтарын кеңейтуге бағытталған тиісті ұсынымдар қабылданатын болады.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері