• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның инвестициялық нарығы инвестордың жобаға салған қаржысының 30% қайта қайтарылатындықтан бәсекеге қабілетті

Қазақстанның инвестициялық нарығы инвестордың жобаға салған қаржысының 30% қайта қайтарылатындықтан бәсекеге қабілетті

2 Қазан, 2015 17:24
Халықаралық нарықта инвестициялау үшін бірегей шара – инвестордың жобаға салған қаражатының 30% қайтарып алу, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева Астанадағы Машина жасаушылардың ІІІ форумында.

«Машина жасау саласы өзгеде салаларға қолдау көрсететін сала болып табылады. Бұл саласыз тамақ, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мүмкін емес. Аталмыш салаға инвестиция тарту жолында үлкен күрес жүреді, сондықтанда мемлекет бірқатар күрделі шаралар жиынтығын қолға алды. Біріншіден, жеңілдетілген визалық режим, бүгінде Қазақстанға 20 мемлекеттен инвесторлар еркін келіп кәсіпорындармен таныса алады. Біз одан үлкен тиімділікті көріп отырмыз. Бізге ұдайы түрлі салалар бойынша қызығушылық танытқан инвесторлар келуде», - деді Ә.Ерғазиева.  

Бұдан басқа, жұмыс күшінің келуіде жеңілдетілді, «жобаны іске қосу үшін жұмыс күші ешқандай квотасыз әкеліне алады», содан кейін жергілікті еңбекші халыққа берілуі тиіс.

«Инвесторлар үшін тағы бір ірі жеңілдіктердің бірі – салықтан босату, оның ішінде КТС, жер салығынан, жылжымайтын мүлік салығынан 10 жылға босату, инвестициялық субсидия шаралары бар. Мемлекет инвестордың жобаға салған қаражатының 30% қайтарып береді»,  - деді Ә.Ерғазиева.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар