• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысында магистральді су құбыры мен су сақтайтын қойма пайдалануға берілді

Маңғыстау облысында магистральді су құбыры мен су сақтайтын қойма пайдалануға берілді

3 Қазан, 2015 10:32
Маңғыстау облысында Ақтау-Ақшүкір – Сайын Шапағатов магистральді су құбыры мен Сайын Шапағатов ауылында ауыз суды сақтайтын қойма қоры пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Түпқарағай ауданының Сайын Шапағатов ауылында Ақтау-Ақшүкір-Сайын Шапағатов ауылында 19 702 метрлік магистраль құбыры пайдалануға берілді.

Магистраль құрылысы жобасының құны 761 млн теңге, оның құрылысы 2014 жылдың маусымында басталды.  Су құбырынан бөлек, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жергілікті пунктте ауыз суды сақтайтын қор салынды. Бұл мақсатқа 1 млрд 451 млн теңге бөлінді.

Барлық жаңалықтар