- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта заңнамаға құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері туралы түзетулер қаралды
Сенатта заңнамаға құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері туралы түзетулер қаралды
Заң жобасы Мемлекет басшысының бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі 100 қадам – Ұлт жоспарын орындау үшін әзірленген болатын. Құжат сондай-ақ құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Заң жобасы «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Азаматтық қорғау туралы» және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Атап айтқанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жоғары білікті кадр құрамын қалыптастыру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Бас прокуратураның жанынан Құқық қорғау органдары академиясын құруды көздейтін толықтырулар енгізіледі. Академияның негізгі қызметі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Президенттік резервте тұрған Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының кәсіби деңгейін арттыру, құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу болып табылады.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына құқық қорғау органы басшыларының жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібін айқындауын көздейтін толықтырулар енгізіледі. Сондай-ақ заң жобасымен құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын, ротацияланатын қызметкерлеріне лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беруді көздейтін толықтыру ұсынылады. Заң жобасымен қызметкерлерді құқық қорғау органдарындағы қызметке ынталандыру жүйесі енгізіледі. Осыған байланысты қызметкерлерге қол жеткізген нәтижелеріне байланысты сараланған еңбекақы белгіленетін болады. Заң жобасыПалатаның қарауына жіберілді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары