• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік хатшы: Біз қазіргі кезде қиындыққа душар болған сириялық халыққа көмек көрсетуге дайынбыз

Мемлекеттік хатшы: Біз қазіргі кезде қиындыққа душар болған сириялық халыққа көмек көрсетуге дайынбыз

2 Қазан, 2015 16:01
Біз қазіргі кезде қиындыққа душар болған сириялық халыққа көмек көрсетуге дайынбыз, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Астанадағы сириялық оппозиция келіссөздерінің екінші раунды барысында.

«Қазіргі кезде Сириядағы гуманитарлық апат әлемдегі ең ірі дағдарыстардың бірі болып отырғаны баршамызға мәлім. Бұл өңірік проблемаға айналды. Біздің ел дағдарыс кешіп отырған елге көмек ретінде өз үлесін қосты. Біз қазіргі кезде қиындыққа душар болған сириялық халыққа  көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіхалықованың айтуынша, әлемді апат пен қауіп-қатерден арылту үшін Қазақстан көшбасшысы БҰҰ 100 жылдығына орай «Жаһандық стратегиялық бастама-2045 жоспарын» дайындауды ұсынды.

«Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды.Сонымен қатар, сөз сөйлеу барысында  Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау  жөнінде бастама жасалды», - деді Г.Әбдіхалықова.

Айта кетейік, бүгін астаналық алаңда сириялық дағдарыс өкілдері келіссөздерінің екінші раунды өтіп жатыр.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар