- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 2015 жылдың үздік ұстазы пәтер кілтіне ие болды
Астанада 2015 жылдың үздік ұстазы пәтер кілтіне ие болды
Елордалық ұстаздарды Астана қаласы әкімдігінің өкілдері де құттықтады. Дәстүр бойынша жыл сайынғы елорда әкімінің гранты табыс етіліп, жеті номинациясы бойынша үздік білім ордалары анықталды.
«Ең үздік балабақша» атағы №35 «Ертегі» балабақшасына берілді.
«Ең үздік мектеп» байқауының жеңімпазы болып №40 орта мектебі атанды. «Ең үздік гимназия» атағы №6 гимназияға берілді. Ерекше көзге түскен мектеп пен гимназияға «Астана Бәйтерек» кубогы мен сертификаттар табыс етіліп, қос мекеменің үздік ұстаздарының жалақысына 50 пайыз көлемінде үстеме қосылды.
«Ең үздік колледж» атағы Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне берілді.
«Ең үздік қосымша білім беру мекемесі» атағына «Шығыс» Балалар орталығы лайық деп танылды.
«Ең үздік арнайы білім беру мекемесі» атағы «№1 психология-медико-педагогикалық кеңес беру» орталығына берілді.
«2015 - Жыл Ұстазы» байқауының Бас жүлдесі №66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі – Бастемова Светлана Сүлейменқызына бұйырды. Бас жүлде иесіне Астана қаласында пәтер табыс етілді.
2015-2016 оқу жылының басында жалпы білім беретін мектептерде 405 жас мамандар жұмысқа қабылданды. 3 жылдай еңбек өтілі бар 786 жас мұғалім еңбек етуде.
Астана қаласында соңғы бес жыл ішінде 1580 педагог жұмыстағы жоғары көрсеткіш үшін марапатталған, оның ішінде 106 – төсбелгіге, 112 – мемлекеттік наградаларға, 121 – ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға, 115 – қала әкімдігі атынан алғыс хаттарға, 1150 – Астана қаласының Білім басқармасының алғыс хаттары мен грамоталарына ие болған.
Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шарада қазақ эсрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Күміс Базарбаева, Алмас Кішкенбаев, Тұрсынбек Қабатов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаева, Алматы қаласының «Театр теней» және Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары