- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында мұғалiмдер ұлықталды
Ақмола облысында мұғалiмдер ұлықталды
Өзiнiң құттықтау сөзiнде аймақ басшысы елiмiздiң бiлiмдi ұрпағын тәрбиелеуде мұғалiмдердiң еңбектерiне ерекше тоқталды.
«Бұл мерекенiң жөнi басқа, жолы бөлек. Ұстаздар қауымы үшiн қазан айының бiрiншi жексенбiсi — ерекше есте қалатын күн. Бұл өмiрдегi адал да ең iзгi ниеттi жан — ұстаз. Әрбiр адам үшiн мұғалiмнiң орны ерекше болуы тиiс. Әрбiр жарқын iстердiң бастаушысы да өздерiңiз болып табыласыздар. Қазiргi таңда Елбасымыз да бiлiм саласының дамуына айрықша назар аударуда. Түлектердiң шет елде бiлiм алуы үшiн де бар жағдай жасалған. Сондықтан бiлiм саласының айрықша дамуына бiздер де атсалысуымыз керек»», дедi әкiм.
Атап өту керек, бүгiнде мемлекет тарапынан бiлiм жүйесiне орасан қаржылық қолдау көрсетiлуде. Биылғы жылдың өзiнде Ақмола облысы бюджетiнiң үштен бiр бөлiгi, 58 млрд. теңге бiлiм саласын дамытуға, ұстаздарды қолдауға, бiздiң балаларымыздың оқуына қолайлы жағдай жасау үшiн бағытталды.
Облыста тәуелсiздiк алған жылдары 9 млрд теңгеге 22 балалардың мектепке дейiнгi мекемесi, 24 млрд теңгеге 44 мектеп салынған.
Бүгiнде өңiр мектептерiнде 14 мыңнан астам ұстаздар еңбек етуде. Ерекше қолдауды талап ететiн балалармен 300-ден астам жоғары санатты мұғалiмдер айналысуда. 500-ден астам ұстаз орталықтарда, балалар шығармашылық үйлерiнде еңбек етсе, 2 мыңнан астам мұғалiм техникалық және кәсiби бiлiм беру жүйесiнде студенттерге бiлiм беруде.
Салтанатты iс шарада бiлiм беру саласын дамытуға қосқан зор үлестерi, жас ұрпаққа сапалы бiлiм мен саналы тәрбие беру iсiндегi табыстары, кәсiби шеберлiктерi, педагогикалық үрдiстегi жетiстiктерi үшiн облыстың ең үздiк 12 ұстазы облыс әкiмiнiң Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ал Сандықтау аудандық №3 балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiне су жаңа екi автобус көлiгi сыйға тартылды.
Сондай-ақ осы күнi жиналған барлық жиналғандарға облыс әкiмiнiң атынан гүл шоқтары мен сыйлықтар таратылды.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті