- Басты
- Жаңалықтар
- С.Хорошун: Мемлекеттік бағдарлама аясында баспана құны бастапқы деңгейде қалды
С.Хорошун: Мемлекеттік бағдарлама аясында баспана құны бастапқы деңгейде қалды
«Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан нысандардың бағасы бастапқы қалпында қалды. Пилоттық жобаның бағдарламасы аясында апатты ждағдайдағы үйлерді құлату, орнына үй салу сол ескі бағамен қалды. Нарық өзі түзететін шығар деген ойдамын. Жасыратыны жоқ өзіндік құнына әсер ететін өзгерістерде болуы мүмкін, алайда айтарлықтай өзгерістер болады деп ойламаймын», - деді С. Хорошун.
Қазақстан салушылар қауымдастығының атқарушы директоры Аслан Түкиев атап өткендей, еркін теңге бағамына көшкеннен кейін, бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен 20%-ға көтерілді.
«Бір шаршы метріне баға – әр жағдайда әр түрлі, нысанға, шарттары мен тұрған жеріне, құрылыс шарттарына, несие желілерінің болуына байланысты. Мұның барлығы пәтердің өзіндік құнына әсер етеді. Егер еркін теңге бағамына дейінгі жағдайды қарастыратын болсақ, онда ҚСҚ мәліметі бойынша сол жағалаудағы орташа үнемшіл санаттағы баспаналардың бір шаршы метрі 192-200 мың теңге шамасында болған. Еркін бағамға көшкеннен кейін әрине бағаның біршама қымбаттауы орын алған. Кейбір құрылыс компаниялары оған негіз болмасада өз таураларын қымбаттатуға тырысуда. Қайткен күндеде баға өсті. Біздің мәліметтеріміз бойынша баға 20%-ға немесе 230 мың теңгеге дейін көтерілді. Әрине бұл жобаларға байланысты, кей жерлерде ол бұдан төмен, ал кей жерлерде жоғоры», - деп түсіндірді А. Тукиев.
ҚСҚ атқарушы директорының айтуынша, қауымдастық доллардан бастартуды одан ары жалғастыра бермекші, ол жылжымайтын мүлікті сату барысында ұлттық валютаны пайдалануда.
«Біз осылайша үлгі боламыз және ҚР Үкіметінің қолдануының арқасында бұл тәжірибе таратылатын болады деген ойдамыз», - деп түйді ол.
Анар Тәңірқұлова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары