- Басты
- Жаңалықтар
- А.Есімов Елбасына ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылысы туралы баяндады
А.Есімов Елбасына ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылысы туралы баяндады
Кездесуге сондай-ақ KCA International компаниясының басшысы Хуан Чю және «Сембол Констракшн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ф.Таминдже қатысты.
А.Есімов Мемлекет басшысына көрме нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысы және оны ілгерілету шаралары туралы, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде баяндады.
KCA International компаниясының басшысы Қазақстан Президентін ЭКСПО-2017 көрмесінің басты нысаны – Сфераның ішін жабдықтау тұжырымдамасымен таныстырды.
«Сәулет және дизайн тұрғысынан, сондай-ақ нысанды жасау барысында қолданылатын технологиялары жағынан Сфера айшықты ғимарат болады. Біз оны Париждің Эйфель мұнарасы немесе Сидней опера театры сияқты әлемге әйгілі брендке айналдыруды жоспарлап отырмыз», – деді Хуан Чю.
Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрменің ең негізгі мақсатының бірі жаңа энергетикамен таныстыру мүмкіндігі екеніне тоқтала келіп, бұл идея Қазақстанның павильонында кеңінен көрініс табуы тиістігін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар