• Басты
  • Жаңалықтар
  • Республикалық әскери мектеп-интернаттары ҚР Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілді

Республикалық әскери мектеп-интернаттары ҚР Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілді

3 Қазан, 2015 12:04
Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы республикалық әскери мектеп-интернаттары ҚР Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілді және 2015 жылғы 26 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің №789 қаулысына сәйкес қайта аталды.

«Бұдан бұрын мектептер ҚР Білім және ғылым министрлігінің иелігінде болатын.   Енді мектептер Б. Момышұлы атындағы ҚР ҚМ Алматы «Жас ұлан» республикалық мектебі, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы ҚР ҚМ Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебі және Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы ҚР ҚМ Шымкент «Жас ұлан» республикалық мектебі болып аты қайта өзгертілді», - делінген хабарламада.

Ал бұл әскери мектептердің тәрбиеленушілері ендігәрі ұландықтар болып аталады. Республикалық әскери мектеп-интернаттарында оқу мерзімі екі жыл (10-шы және 11-ші сыныптар). Онда түсетін жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбын тәмамдаған және негізгі орта білім туралы куәлік алған ер балалар оқуға қабылданады.

Оқушылардың әскери мектептерге түсуге ниеті туралы өтініштерді әскери мектептерге тікелей ата-аналары береді. Бұл әскери мектеп-интернаттары 1983-1984 жылдары құрылды және суворов мектептерінің үлгісі бойынша құрылған, яғни, әскери киім нысаны, ұйымдық құрылым, әскери тәртіп бойынша өмір сүру салты.

Бүгінгі таңда түлектердің біршамасы әлем елдерінің жоғары әскери оқу орындарына түсуде, Қарулы Күштерде және Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясының өзге де күштік құрылымдарында қызмет өткеруде, ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің командирлері болып табылады, жоғары офицерлік атақтары мен мемлекеттік наградалары бар.  

 

 

 

Барлық жаңалықтар