• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: «Биохим» зауытында жақын арада қалпына келтіру жұмыстары басталады

ИИДМБ: «Биохим» зауытында жақын арада қалпына келтіру жұмыстары басталады

2 Қазан, 2015 17:09
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (ҚИҚ) Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы қаласындағы «Биохим» зауытының барлық өндірістік активтерін шоғырландыруды аяқтады, деп хабарлады Қор.

Бүгінде «Қазмұнайгаз – өңдеу және маркетинг» АҚ пайдасына активтерді сату қарастырылуда.  2016 жылдың ақпан айында келісім жүзеге асырылады деп күтілуде. Жобаның болжамды құны 38,5 млн долл. құрауы мүмкін. Қайта қалпына келтіру жұмыстары зауытта келісімге сәйкес жақын арада басталуы тиіс.  

Жобаның Қазақтанда, тіпті жақын шет мемлекеттерде еш баламасы жоқ, ол импортты алмастыруға және еліміздің жанармай қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаны іске қосу және өндірісті жаңғырту бұрынғы және жаңа жұмыс орындарын ашады. Ертеректе өндірісте 371 адам жұмыс істеген. Жоспарланып отырғандай, алғашқы кезеңде жоба бюджеттің 86 млн теңгеге толығуын қамтамасыз ететін болады.

Өндірілетін дайны өнімдердің негізгілерінің бірі биоэтанол немесе этил-трет-бутил эфирі, ол энерготиімді және экологиялық жанармайды өндіруде кеңінен пайдаланылады (Е85 пен 95 бензин стандарты).

Нәтижесінде E85 пен Е95 маркалі бензиндерді пайдалану мұнай өнімдерін пайдалану көрсеткішін және парникті газдардың бөлінуін  төмендетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2003 жылғы 30 мамырда ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ («ҚИҚ» АҚ/Қор) құрылды. «ҚИҚ» АҚ акцияларының 100%-дық пакеті «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на тиесілі. 

Барлық жаңалықтар