- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының әкімі өңірдің үздік ұстаздарын марапаттады
Алматы облысының әкімі өңірдің үздік ұстаздарын марапаттады
Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында өткен шарада «2015 жылдың ең үздік мұғалімі» атағын Талдықорған қаласының № 10 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Зарина Түсіпжанова жеңіп алды.
«Облыстың 737 жалпы білім беру мекемелерінде 34 мыңнан астам ұстаз оқушыларға білім беруде. Тәуелсіздік алған жылдан бері облыс аумағында 162 білім ошағы іске қосылды. Соңғы жылдары үздік мұғалімдер өздерінің лауазымдық еңбекақыларына 30-дан 100 %-ке дейін үстемеақы алады», - деді Амандық Баталов.
Сондай-ақ Амандық Ғаббасұлы облыстың білім саласын қаржыландыру көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқандығын, бүгінде 109 миллиард теңгеден асып түскендігін айтып, ұстаздарды құттықтады.
« Құрметті ұстаздар! Атақты ұстаз Лев Толстой айтқандай: «Ұстаз болу – жоғары әрі игі мәртебе». Қай кезде болмасын ұстаз адамгершілік пен мәдениеттіліктің нышаны болған. Сіздердің көз жанарларыңыздан мейірімділік пен ұлылықтың нұры сөнбесін. Баршаңыздың қиын да мәртебелі еңбектеріңізде зор денсаулық, амандық және шығармашылық табыс тілеймін», -деді.
Осыдан кейін үздік ұстаздар Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен, Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ бірнеше номинациялар бойынша үздік мұғалімдер мен білім беру нысандары марапатталды.
«Үздік балабақша» атағына Қапшағай қаласының «Гүлдер» мектепке дейінгі білім беру мекемесі, «Үздік ауылдық мектеп» атағына Жамбыл ауданындағы шағын орталығы бар Үмбетәлі атындағы орта мектеп, «Үздік кәсіптік білім беру мекемесі» атағына Талдықорған агро-техникалық колледжі лайық деп танылды. Барлық 3 номинация иегерлерінің әрқайсысына 300 мың теңгенің сертификаттары табысталды.
«Үздік сынып жетекшісі» атағын Кербұлақ ауданының Ж.Тобаяқов атындағы орта мектебінің мұғалімі Бұджібаев Дәулет иеленіп, 150 мың теңгенің сертификатына ие болды. 15,9 миллион теңге көлеміндегі оқу гранты мен «Үздік білім ұжымы» атағы Ескелді ауданындағы Жетісу орта мектебіне берілді.
Шара барысында «2015 жылдың ең үздік мұғалімі» атағының иегері Зарина Түсіпжанова барлық педагогтарды кәсіби мерекесімен құттықтап, көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.
« Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында біздің елімізде мұғалімдердің кәсіби жетілуі мен өсуіне барлық жағдай жасалуда. Ең бастысы – өз ісіңе, өзің білім беріп жүрген шәкірттеріңе деген сүйіспеншілік және әрдайым ізденісте болу. Ұстаз болу оңай іс емес, алайда сен ұстаз болуға талпынсаң, төккен терің мен сіңірген еңбегіңнің жемісі өзін көп күттірмесі анық. Оқушыларың өз ұстазынан алған білімін жетілдіріп, өздері де өзгелерге ұстаз болады. Міне сондықтан да мен мұғалім болғандығымды мақтан тұтамын және маған артылған сенім мен көрсетілген құрмет үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да ел игіліне қызмет етіп, әлі талай өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында еңбегімді аямасыма сөз беремі, - деді З.Түсіпжанова.
Осы бір шара керемет концерттік бағдарламамен жалғасып, бүлдіршіндер хорының орындауындағы «Ұстазым» әнімен өз шарықтау шегіне жетті.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары