- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ жұмыс орындарын сақтап тұру үшін барлық қажетті шараларды қолдануда
ҚР ДСӘДМ жұмыс орындарын сақтап тұру үшін барлық қажетті шараларды қолдануда
Сонымен қатар, жаппай қысқарту қаупінің сақталуы мен білікті қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалуға, қысқарту болған жағдайда, оларды жұмысқа орналастыруға негізделген қажетті шараларды ескере отырып, жаңа құралдарды енгізу арқылы «Жұмыспен қамту картасы 2020» бағдарламасын жандандыру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Оның мәні төмендегідей:
Білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтап қалу үшін өндірістік кәсіпорындардағы білікті мамандардың жұмыс уақыты қысқартылған жағдайда табыстың 2/3 жоғалтылған бөлігін мемлекет уақытша субсидиялайтын механизмді енгізу қарастырылуда.
Сондай-ақ, өз қызметкерлеріне өндірістен қол үзбей, болмаса жұмыс барысында жұмыс орындарын сақтап қалумен шартталған қайта даярлау мен біліктілігін арттыру шараларын ұйымдастыруға дайын жұмыс берушілер үшін мемлекет тарапынан («ЖҚЖК 2020» аясында) гранттарды бөлу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Бұл жағдайда гранттар жұмыс берушілердің қызметкерлерді оқытуға бағытталған 80% шығынын жабуы тиіс.
Сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтін 18 бен 24 жас аралығындағы жастарды жұмыс берушінің олардың жұмыс орындарын сақтап қалу шартымен Жұмыспен қамту жол картасының есебінен кәсіби оқуды ұйымдастыру арқылы қолдау шаралары қарастырылуда.
Қысқартылатын білікті қызметкерлерді қолдау мақсатында, сонымен қатар, өзін өзі жұмыспен қамтыған, мамандығы жоқ жұмыссыздар үшін мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобалардың мүмкіндігі барынша қолданылатын болады.
Сонымен, биылғы жылы аймақтық жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 322 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар бойынша азаматтарды жұмысқа орналастыру Жұмыспен қамту жол картасы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және өзге де мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясындағы жобалар арқылы жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес, жоғарыда аталған жоспарлар аясында 291 мың азаматтың жұмыстары қарастырылып, олардың 153 мың адамы (болмаса 53%) тұрақты жұмыспен қамтылды. Уақытша жұмысқа 138 мың адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына (15,6 мың), жастар практикасына (14,2 мың) және қоғамдық жұмыстарға (73 мың) адам орналастырылды.
Сонымен қатар, биылғы жылы жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қолдау мақсатында 9,5 млрд-тан астам теңгеге 4067 микронесие берілді, 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамту бағдарламаларының аясында кәсіптік оқумен қамтылды.
Жоғарыда аталған халықты жұмыспен қамту шаралары жұмыссыздық деңгейін 5%-дық деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын айтылғандай, Қазақстанда жуырдағы 5 жыл ішінде еңбек сұранысының артуы болжанып отыр. ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның президенті Дәулет Арғындықовтың мәлімдеуінше, 2016 жылы ҚР-дағы еңбек сұранысы 124 мың адамды құрайды.
Қазіргі таңдағы беталысты ескерсек, 2020 жылға дейін еңбекке деген сұраныстың орташа жылдық өсімі 1,5% көрсеткішті құрап, 2020 жылы бұл қажеттілік 163 мың адамға дейін өседі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары