- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да ұстаздар марапатталды (ФОТО)
ШҚО-да ұстаздар марапатталды (ФОТО)
Аталмыш шара қаламыздағы Металлургтер мәдениет сарайында өткізілді. Кіре берісте педагогтарды «Мұрагер» домбыра оркестрі қарсы алды, сондай-ақ, «Ұстаз баланың көзімен» балалар жұмысының фотокөрмесі келішулердің назарынан тыс қалмады.
Халықаралық Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шараға ұстаздар, тәрбиешілер мен оқытушылар, педагогикалық еңбек ардагерлері, педагогикалық династиялар, көпбалалы педагог-аналар, жас педагогтар кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері шақырылды.
Мерекелік концерттен соң аймақтың білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан жаңашыл-ұстаздарды мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі басталды. Марапаттау рәсіміне облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты:
«Сіздерді және сіздердің аттарыңыздан Шығыс Қазақстан облысының барлық педагогтарын Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Меніңше тәрбиеші, мұғалім, педагог мамандықтарынан асқан құрметті мамандық жоқ. Сіздер қарқынды дамып келе жатқан, тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеу жауапкершілігін арқалап келесіздер. «адамның адамгершілігі ұстаздан болады» деп Ұлы Абай бекер айтпаса керек-ті», - деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, облыстық кәсіби байқауларда жеңіске жеткен, 2015 жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғарғы нәтиже көрсеткен педагогтар мен ұстаздарға құнды сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.
Халықаралық Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің І облыстық Форумы және «Қ.Н. Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы» атты облыстық педагогикалық оқулары өткізілді.
Барлық білім беру мекемелерінде 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында экспозициялар, фотокөрме, «Ұстаз баланың көзімен» балалар сурет байқауы, «Менің алғашқы ұстазым» шағын шығармалар сайысы, «Алғашқы ұстаз» оқулары, кітаптар көрмесі, әдеби кездесулер, «Менің ұстазға сыйлығым» құттықтау калталарын жасау шаралары өткізілді.
Айта кету керек, облысымызда 31130 педагогикалық қызметкер бар. Олардың 69,3 % - жоғарғы және бірінші категориялы ұстаздар.
-
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
Ұстаздар күні: Мұғалім мәртебесін арттыру үшін қандай шаралар қабылданды -
Түркістандық азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Мақтааралда ерікті әскерилер марапатталды -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО) -
Елордадағы инфекциялық аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр (ФОТО)