KazPostBot жол ережесін бұзуы туралы айыппұлдар жайлы хабар береді

3 Қазан, 2015 11:03
«Қазпочта» АҚ «Telegram» кросс-платформалы ақпараттық бағдарламаның ботын пайдалануды бастады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда @KazPostBot арқылы жіберілген сәлемдемелердің жағдайын, валюта бағамдарын және жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл жайлы ақпаратты алуға болады.

««Telegram» - iOS пен Android ақпараттық жүйелеріндегі смартфондарға, планшет пен компьютерлерге орнатылатын тегін мессенджер. Сервисті IT-бөліміндегі әріптестеріміз осы мессенджерде жасағанының себебі, елде кең тараған бағдарламалардың арасында ашық API-дың тек «Telegram» жүйесінде болуы. Біздің мамандарымыз бұл қызметті іске қосқаны, қазақстандықтарға саналған секунд ішінде ақпарат алуға мүмкіндік береді» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов түсіндірді.

Бұл қызметпен қолдану үшін, алдымен «Telegram» бағдарламасын орнатып, «Поиск» тармағынан @KazPostBot дегенді табу керек. Ол тәуліктің кез-келген уақытында келесі ақпаратты бере алады:track – жіберілген сәлемдемелердің жағдайы жайлы ақпарат беріп, сол мезетте статустың жаңартылуына жазылым береді. Ол үшін өзіңіздің трек нөміріңізде чатқа жазуыңыз керек. *(Ескерту: трек нөмір 4 латын әріптен және 9 саннан тұрады.– ағымдағы валюта айырбастау бағамы жайлы ақпарат береді (АҚШ доллары, еуро және рубльдің теңгеге қатынасында. car – жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар жайлы ақпаратты мемлекеттік нөмір мен мемлекеттік автокөлік тіркеу нөмірі арқылы береді.

 

Барлық жаңалықтар