- Басты
- Жаңалықтар
- «Ұлттық чемпиондар» жобасына қатысушы жеті қазақстандық компания алға шықты
«Ұлттық чемпиондар» жобасына қатысушы жеті қазақстандық компания алға шықты
Отырыс Қазақстан Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың, Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы президиумының төрағасы Тимур Күлібаевтың, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың, «Бәйтерек» Холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевтың қатысуымен өтті.
Бүгінгі күні McKinsey&Company консалтингтік компаниясының және «Бәйтерек» Холдингінің сарапшылар командасы бағдарламаға қатысушы компаниялардың диагностикасы кезеңін аяқтады.
«Іріктелген компаниялардың арасынан жетеуін қазірдің өзінде чемпиондар деп атауға болады. Олардың сатулары ауқымды, экспорттарының көлемі зор, қаржылық және маркетингтік менеджменті дұрыс»,- деп атап өтті «Бәйтерек» Холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев.
Бұлар «RG Brands», «Eurasian Foods Corporation», «Агроөнім», «Баян Сұлу», «Масло-Дел», «Alageum Group», «Alina» сияқты компаниялар.
Бірінші кезеңде бағдарламаға қатысу үшін жылдық түсімінің көрсеткіштері, жұмыс орындарының саны, түсімінің орта өсімі және экспорт үлесі бойынша жоғары сипаттамалары бар компаниялар іріктелді. Жобаға қатысушы компаниялар үш саладан ұсынылды: агроөнеркәсіп кешенінен, машина жасау, құрылыс материалдарын шығару.
Екінші кезең – компаниялар диагностикасы барысында бизнесті бұдан әрі жақсартудың басты бағыттары белгіленді, компаниялар үшін 100-ден астам бастамалар әзірленді. Бағдарламаның келесі кезеңі McKinsey&Company консалтингтік компаниясының және «Бәйтерек» Холдингінің әр компанияға арнаған бастамалары мен іс-шараларын енгізуді көздейді.
Диагностика барысында белгіленген бастамаларды іске асыру 2018 жылға қарай шикізаттық емес экспорттың 38 миллиард теңгеге өсуіне қол жеткізуге, қатысушы компаниялардың қосымша түсімін 173 млрд. теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 4 600 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.
«Осы бағдарлама шеңберінде біздің барлық өндірушілерімізге пайдалы болатын тәжірибе, жаңа идеялар жинақтаймыз. McKinsey&Company компаниясы біздің өнеркәсіпке мониторинг жүргізіп, көп нәрсеге көзімізді ашты. Бизнесімізді дамытудың жаңа құралдары, тетіктері ұсынылды. Осы бағыттар біздің дамуы-мызға, соның ішінде, Қазақстан аумағында өзімізді табуға және жаңа экспорт нарығын игеруге мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деп атап өтті «Сантехпром» компаниясының бас директоры Владимир Крючков.
Әзірленген бастамаларды енгізу кезеңінде қатысушы компанияларға үш бағытта қолдау көрсету жоспарланып отыр: консультациялық, қаржылық, институционалдық.
Консультациялық қызметтерді McKinsey&Company сарапшылары қолдағы бар өнімнің және жаңа өнімдердің маркетингін күшейту, өнім желісін дамыту, жаңа нарықтағы экспансия, өндіріс тиімділігін арттыру, персоналды басқаруды және ұйымдық құрылымды дамыту сияқты салаларда ұсынады.
Мемлекеттік органдардың қарауына жергілікті нарықта адал бәсекелестікті қамтамасыз етуді, сертификаттау процедурасын жеңілдетуді, сыртқы нарыққа шығу кезінде отандық экспортшыларды қолдауды және басқаларды мақсат еткен институционалдық қолдау бағыты бойынша 43 шара ұсынылды.
Таңдалып алынған бастамаларды іске асыруға қажетті қаржыландыру мәселесіне келсек, жыл аяғына дейін қор ұсынудың оңтайлы варианттары қолдау институттарындағы құралдар шеңберінде қаралып, белгіленетін болады. Қаражатты игеру 2018 жылға дейін, қажеттілігіне қарай, бастамаларды енгізу жоспарларына сәйкес жүргізілетін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі