• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның машина құрылысын ауқымды жаңғырту үшін ШОБ кәсіпорындары тартылуы керек - Пішембаев

Қазақстанның машина құрылысын ауқымды жаңғырту үшін ШОБ кәсіпорындары тартылуы керек - Пішембаев

2 Қазан, 2015 13:12
Қазақстанның машина құрылысын ауқымды жаңғырту үшін ШОБ кәсіпорындары тартылуы керек, деп хабарлады Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев.

«Машина жасау саласын жаңғырту мәселесі бірнеше рет көтерілді. Жақсы мысалдар жетерлік. Бірінші бесжылдық аясында жақсы жобалар құрылды, алайда мұндай мысалдар соншалықты көп емес. Көптеген зауыттар физикалық тұрғыда шаршап қалған. Осы ретте Петропавл ауыр машина жасау зауыты жарқын мысал бола алады», - деп мәлімдеді М. Пішембаев.

Оның айтуныша, 1900 дана құрал жабдықтың 950-нің жасы 31-ден асып кеткен. Тек 25 дана техниканың жұмыс істегеніне 10 жылға жетер жетпес уақыт болған.  Мұндай жағдай көптеген зауыттарда кездеседі. «ҚДБ-Лизинг» бағдарламасының шарты бойынша лизинг көлемі млн доллардан кем болмауы тиіс, сондықтанда көптеген шағын және орта бизнес өз станоктарын жаңғырта алмайды. Есептеуімізше, қаржыландыру көлемі 20 млн теңгеден басталуы керек. «Қазақстанның машина құрылысын ауқымды жаңғырту үшін ШОБ кәсіпорындары тартылуы керек», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар