• Басты
  • Жаңалықтар
  • Машина жасаушылар одағы Қазақстанда болат өндіретін электро-металлургиялық зауыт салуды ұсынды

Машина жасаушылар одағы Қазақстанда болат өндіретін электро-металлургиялық зауыт салуды ұсынды

2 Қазан, 2015 13:02
Машина жасаушылар одағы Қазақстанда болат өндіретін электро-металлургиялық зауыт салуды ұсынды, деді Қазақстан машина жасаушыларының III форумы аясында Қазақстанның машина жсаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев.

«Машина жасау саласының  өміршеңдігін сақтау үшін отандық  жоғары сапалы метал өндіру болып табылады. 2014 жыл бойы машина жасаушылар 2 млн болат қолданды. Өкінішке қарай, бұл болат толық импортталған», - деді М.Пішембаеы.

Осыған орай, М.Пішембаев қазақстандықтарды сапалы спорттық және орам прокатымен қамту керектігін айтты.

««Тау-Кен Самұрық» компаниясына электро-металлургиялық зауыттың құрылысын ұйымдастыруды тапсырамыз. Оның қуаттылығы жылына 1 млн тонна болуы тиіс. Аталмыш зауыттың құны 1 млрд доллар болуы мүмкін», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар