• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысының көліктік инфрақұрылымын дамытуға 5 жыл ішінде 160 млрд теңге инвестицияланды - ҚТЖ

Қостанай облысының көліктік инфрақұрылымын дамытуға 5 жыл ішінде 160 млрд теңге инвестицияланды - ҚТЖ

2 Қазан, 2015 18:13
Қостанай облысында көлік инфрақұрылымы нысандарының құрылыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Екатеринбург–Алматы бағдарындағы автомобиль жолының Тобыл өзені арқылы өтетін көпірінің қайта жаңғырту жұмыстары алаңында да жұмыстар атқарылуда, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Құрылыс алаңында ҚазАвтоЖол компаниясының Қостанай облыстық филиалының директоры Андрей Горват облыс аумағындағы жол құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. Оның айтуынша, биылғы жылы республикалық деңгейдегі жолдарды қайта жаңғыртуға, күрделі және орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаржының 76% игерілді.

Тобыл өзені арқылы өтетін темір жолды қайта жаңғырту барысында Таран көшесіндегі жылу желісі, газ қондырғылары, байланыс желілері қайта жасалды. Қазіргі кезде көпірдің тірек бөліктері тұрғызылуда.

Сондай-ақ, А.Горват биылғы жылы Қарабұтақ-Қостанай бағытындағы автокөлік жолының 42 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталатындығын мәлімдеді. Қазіргі таңда онда жолдың жабындылары аяқталып, қапталдары бекітілуде. Сонымен қатар автотұрақтар, жол көлік белгілері қойыла бастады.

Бұдан басқа, Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан шекаралық «Қайрақ» өткелінде көркейту жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Өткелдегі жолдың негізгі бөлігінде жаңадан асфальт төселді.

Биылғы жылдың аяғында Екатеринбург-Алматы және Мамлютка-Қостанай бағдарындағы 5 автожол телімдерінде 91,5 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Қостанай облысындағы жолдарды қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 800 адам жұмылдырылды. Мердігерлік бригадаларда жұмыс орнын қысқартпау және жол жөндеу жұмыстарына қазақстандық өнімдерді 90%-дан кем емес түрде пайдалану келісімге қол жеткізілді.

 

Барлық жаңалықтар