- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы пойыздар кесте бойынша жүретін болады – ҚТЖ
Қазақстандағы пойыздар кесте бойынша жүретін болады – ҚТЖ
Алғашқы ақпарат ретінде жүк тасымалдау кестесі, экспорт, импорт, транзиттік тасымалдардың автоматтандырылған жүйесі, тұтынушылардың ГУ-12 формасындағы тапсырыстары, жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бір айға жасалады.
Оған қоса, жүк пойыздарын жасақтау кезінде жоспарлы жұмыс дер кезінде арнайы кестелер бойынша жасақталып отырады.
Тұңғыш рет қолданылып отырған жүк пойыздарының жаңа кестесі өз нәтижесін берді. Мәселен, биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша пойыздардың кестеден кешігуі 50%-ға төмендеді. Өйткені жыл басынан бері пайдалану шығыны әлдеқайда төмендеді.
«Пойыздардың арнайы кесте варианттарын жасау аса ауқымды жұмыс. Оны біздің мамандарымыз күнделікті реттеп отырады. Осыған байланысты пайдалану шығынын барынша төмендетудің бағдарламасын жасап жатырмыз»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Ықпалдастырылған жоспарлау дирекциясы директорының орынбасары Ерікбай Нұрабаев. – Басты мәселе, жүк және жолаушылар пойыздарының қызмет сапасы мен тиімділігін көтеру болып отыр.
Кестенің күнделікті жасалып отыруы биылғы жылы наурыз айында басталды. Бұл жұмыс кезінде республикадағы 14 жол бөлімшесінің инфрақұрылымын жаңғырту және күрделі жөндеу өткізу, қалыпты ұстап отыру үшін технологиялық «толаскез» жасалып отырады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен