- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғаш рет кепілдіксіз несие берілді
Қазақстанда алғаш рет кепілдіксіз несие берілді
Ағымдағы жылдың шілде айында Қордың директорлар Кеңесінің шешімімен шағын қаржы ұйымдарын кепілдіксіз несиелендіру туралы бағдарлама шартына өзгеріс енгізілген еді.
Мұндай қолдауды алу үшін шағын қаржы ұйымына қаржылық жағдайының тұрақты болуы, төлемдік қабілеті бар, бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша, екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымды несиелік тарихы сынды талаптар қойылады. Сонымен қатар, нарықта жұмыс істеу тәжірибесі 36 айан кем болмайтын, несиелік қоржыны кемінде 150 млн. теңгені құрайтын, Қоғамда жұмыс істейтін рейтинг беру методикасына сәйкес несиелік рейтингінің болуы міндетті.
«Қарыз 10 миллионнан 350 млн. теңге сомасына дейін беріледі. Түпкі қарыз алушылар жеке тұлғалар – 3 млн. теңгеге дейін, заңды тұлғалар – 8000 мыңдық айлық есептік көрсеткіш сомасына дейін ала алады. Кепілдіксіз несие жылдық 12 % сыйақы үстемесімен беріледі, ал жылдық тиімді сыйақы үстемесі 12,6 %-дан аспайтын болады. Түпкі қарыз алушылардың сыйақы үстемесі шағын қаржы ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес анықталады, алайда ол көрсеткіш 2012 жылдың 24 желтоқсанындағы №37 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен бекітілген жылдық тиімді сыйақы үстемесі мөлшерінен аспайды», - делінген хабарламада.
«Береке» шағын қаржы ұйымы» ЖШС Шығыс Қазақстан облысы аумағында тіркелген. Қарыз алушылары негізінен ШҚО, Павлодар облыстарының тұрғындары. 1997 жылы Семей өңірі әйелдерін шағын несиелендіру үшін БҰҰ Даму бағдарламасы мен Мейірімділік Халықаралық Корпусының пилоттық жобасы ретінде жұмысын бастап, 2003 жылдың мамырында «Береке» қазақстандық шағын несие ұйымы» қоғамдық қорына айналды. 2014 жылдан бері қоғамдық қордан «Береке» шағын қаржы ұйымы» ЖШС болып қайта құрылды. Осы уақыт аралығында ұйым 4 721 ауыл халқын несиелендірген.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы берілетін қаржы әрі қарай ауыл халқы мен шағын және моно қалаларда өз ісін ашамын не кеңейтемін деген жеке және заңды тұлғаларға ауылда мал шаруашылығымен айналысуға, шағын және моно қалаларда, ауылда бизнестің басқа да түрлерімен айналысуына бағытталатын болады.
Жалпы, 2008 жылдан бері Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры шағын несие (шағын қаржы) ұйымдарын қолдау мақсатында 9,4 млрд. теңге бағыттап, нәтижесінде 22,7 мың түпкі қарыз алушыға несие берілді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша