- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада құрылысты өз еркімен жүргізген нысандар саны 125-тен 13-ке дейін қысқарды – әкімдік
Астанада құрылысты өз еркімен жүргізген нысандар саны 125-тен 13-ке дейін қысқарды – әкімдік
Астана әкімдігі жанындағы құрылыс саласындағы әкімшілік кедергілерді жою аясында тұрақты түрде жұмыс тобы қызмет етеді, оның құрамына мемлекеттік мекеме, департамент мүшелері мен Құрылысшылар қауымдастығы және Кәсіпкерлер палатасы кіреді.
«Негізгі проблемалардың бірі болып салушылар мен жеке инвесторлар арасындағы қарым-қатынас болып отыр. Сондай-ақ, олардың арасында келісімді орнату кезінде заңға бағынбаушылық пен өз еркімен құрылысты бастау мәселелері бар», - деді С.Хорошун.
Оның айтуынша, құрылысты өз еркімен жүргізген нысандар саны 125-тен 13-ке дейін қысқарған.
«Қолданылып жатқан шаралар барысында құрылысты өз еркімен жүргізген нысандар саны 125-тен 13-ке дейін қысқарған.Осы жылдың желтоқсанына таман аталмыш проблема толық шешіледі деген үміттеміз», - деді ол.
«Үлескерлік қатысу туралы заңды елемей, тұрғындардан пәтерге алдын ала қаражат жинаған құрылыс компанияларына қатысты құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта 44 нысан бойынша тергеу жүргізілуде. 25 нысан жобалау үстінде болса, 19 нысан құрылысы жүріп жатыр. Ол нысандардың құрылысын 20 компания салып жатыр», - деп атап өтті әкімнің орынбасары.
С.Хорошунның айтуынша, олардың басым бөлігі тіпті, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат та алмаған болып шықты.
Заң бұзушылықтарды тұрғындардың арыздары мен арнайы тексерістің нәтижесінде анықталды. «Сақалды» құрылыстардың ішіне «Азбука жилья», «Төленді», «Әл-Барақат», «Сезам стройсервис», «Шейx Казинвест» және «Тамыз инвестгрупп» компанияларының нысандары кірген.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы