• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: «Көкжиек 2020» бағдарламасы Қазақстанның энерготиімді болашағын жеделдетеді

Ә.Исекешев: «Көкжиек 2020» бағдарламасы Қазақстанның энерготиімді болашағын жеделдетеді

2 Қазан, 2015 11:42
«Көкжиек 2020» бағдарламасы мен 2014-2019 жылдарға арналған ИИДМБ Қазақстанның инновациялық және энерготиімді болашаққа барар жолда жылдамдығын арттырады, деді ҚР инвестициялар мен даму министрі Әсет Исекешев Астанада өтіп жатқан «ЕО-Қазақстан: серіктестік арқылы инновацияға» семинары барысында.

«1992 жылдан бастап шамамен қазақстандық ғалымдар мен новаторлардың 300 тобы 250 – ден астам жобаға қатысып, 22 млн еуродан астам қаржыны грант түрінде Еуродақтық Шекті бағдарламалары аясында алды. Біз осыдан 20 жыл бұрын ЕО мен INTAS-қа ғылыми және инновациялық әлеуетімізді сақтап қалу мақсатындағы көрсеткен көмектерін жоғары бағалаймыз. Біз «Көкжиек 2020» бағдарламасы  мен 2014-2019 жылдарға арналған ИИДМБ Қазақстанның  инновациялық және энерготиімді болашаққа барар жолда жылдамдығын арттырады деген үміттеміз», - деді министр.

Ә.Исекешев атап өткендей, Қазақстан Астанада EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындалып жатыр, ЕО-мен тығыз байланыс және ұзақмерзімді қарым-қатынас оның табысты өтуіне өз кезегінде үлес қосатын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Еуроодақтың  «Көкжиек 2020» бағдарламасы – зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған жеті жылға есептелген бағдарлама,  ол 2014 пен 2020 жылдар аралығын қамтитын болады.   

Барлық жаңалықтар