- Басты
- Жаңалықтар
- «Ұлы дала елі» экспедициясы СҚО-дағы «Ботай» көне қонысында болды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
«Ұлы дала елі» экспедициясы СҚО-дағы «Ботай» көне қонысында болды (ФОТОРЕПОРТАЖ)




«Айналадағы жер бетіне анықтап қарайтын болсақ, ақтаңдақтарды байқайсыз. Бұл көне қоныстардың қалдығы. Ескерткіш 1980 жылы ашылды және шамамен 35 жыл бойы зерттеліп келеді. Көне қонысқа неге «Ботай» деген атау берілді? Бұл тұрғыда бірнеше аңыздар бар. Солардың бірі мұнда Ботай хан тұрған, оның аттары өте көп болған деседі», - деді Петропавл тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Рима Попович.



Оның айтуынша, ботайлықтар жартылай жер үй салатын болған, олардың тереңдігі шамамен бір жарым метрдей болған. Үйдің ортасында ошақ болса, үйдің қабырғаларының бойынша көптеген шаруашылық шұңқырлар болатын болған.
«Олар өте терең шұңқырлар болатын, онда шикізат пен азық-түліктерді сақтауға болатын. Үйлердің ішінде жануарлар сүйегі көптеп табылды. Сүйектердің соншалықты көп болуы мұнда біздің ғасырымызға дейін 3-4 мыңжылдық бұрын өмір сүрген деген болжам жасауға мүмкіндік берді. Себебі сүйектердің 90 пайызы жылқылардың сүйегі болып шықты», - деп жалғастырды ол.
Тарих ғылымдарының доктары, тарихшы, ғалым Видади Салаховтың пайымынша, бұл үй емес. Себебі, жануарлар сондай үлкен көлемде үйлерде сақталмайды. Бұл орын мал тұратын қора немесе өлген малдарды көметін жер болуы мүмкін.



Р.Попович толықтырып кеткендей, ағымдағы жылы көрші қазындылардан ота жасалған адамның бас сүйегі табылды. Ғалымдардың айтуынша, бұл ота адамға 14-15 жасында жасалған және ол 35 жасқа дейін өмір сүрген.
«Бұл біздің өлкеміз үшін бірегей олжа. Көне адамдар медицинаны жақсы білген. Бұл бас сүйекке неге мұндай ота жасалған. Ол хирургиялық немесе діни мақсатта жасалдыма, әлі белгісіз. Ағымдағы жылы мұнда үлкен кешен салу туралы шешім қабылданды, яғни болашақта мұнда ашық аспан аясындағы музей орналасатын болады», - деп бөлісті ол.
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды