- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 3331 мүлік заңдастырылды – Қаржы министрлігі
Астанада 3331 мүлік заңдастырылды – Қаржы министрлігі
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат ықтиярхаты бар тұлғалар мен оралмандардың, олардың мүлікті заңдастыруымен байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына қол қойылып, экономикалық айналымда жоқ мүліктерді заңдастыру рәсімдері бастау алғанын жариялаған болатын. Қазірге дейін Астана қаласының Әкімдігіне мүлікті заңдастыру туралы өтініштер түсіп жатыр.
Осы күнге дейін Астанада жалпы сомасы 14 029 979 мың теңгені құрайтын 3331 нысан заңдастырылды.
2015 жылдың 01 қазанындағы есеп бойынша ҚР аумағындағы мүлікті заңдастыру туралы Астана қ. Жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссияға жалпы сомасы 55 596 423,8 мың теңгені құрайтын мүлікті заңдастыру бойынша 3833 өтініш келіп түскен: 32 786 868 мың теңгенің 4 930 тұрғын үй нысаны; 22 351 606 мың теңгенің 5 248 тұрғын емес нысаны, соның ішінде, 16 516 532 мың теңге сомасындағы 617 коммерциялық нысан; 457 949 мың теңге сомасындағы 5 заңды тұлғаға қатысу үлесі.
Мүлік пен капиталды жария ету науқаны ел азаматтары үшін де, Қазақстан экономикасы үшін де тиімді. Жария етудің маңызды ерекшеліктерінің бірі - ақшаны заңдастыру табыс болып саналмайтындықтан одан салық алынбайды. Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қаражатын заңдастыру құқығын пайдаланған азаматтар заңдастыратын ақшасының 10 пайызын үнемдеп қалуға мүмкіндік алады.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу