• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның аймақтары Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту бойынша дайындыққа белсенді атсалысуда

Қазақстанның аймақтары Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту бойынша дайындыққа белсенді атсалысуда

1 Қазан, 2015 20:14
Қазақстанның аймақтары Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту бойынша дайындыққа белсенді атсалысуда. Бұл туралы ОКҚ-ның көшпелі баспасөз конференциясында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов хабарлады.

«Қазақстанның аймақтары Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту бойынша дайындыққа белсенді атсалысуда. Мысалы, Қостанай мен Қызылорда облыстары Қарахан бабаның кесенесінің қасынан Алея тұрғызды. Маңыстау, Солтүстік Қазақстан мен Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «Тараз» қонақ үйінің алдына саябақ салды. Автовокзал мен Тұңғыш Президент атындағы парктің қасынан «Көне Тараз» мәдениет орталығын ашылды. Ал, Алматы облысы болса Жамбыл Жабаев атындағы алаңды абаттандыруға көмектесті», -деді спикер.

Бұдан басқа, «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументінің құрылысы атаулы датаны атап өтуге дайындықтың маңызды бөлігіне айналды. Ұзындығы 30 метр ескерткіш қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихын білдіреді. Бұл нысан Жамбыл облысының халықаралық туристік бренді болады. 

Барлық жаңалықтар