- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық депутаттар ЕКПА сессиясына қатысты
Қазақстандық депутаттар ЕКПА сессиясына қатысты
1 Қазан, 2015 18:54
Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаров және Мәжіліс депутаты Қанат Саудабаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Страсбургте өтіп жатқан жыл сайынғы сессиясының төртінші бөлігіне қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Шараның күн тәртібіне Еуропадағы көші-қон шиеленісінің саяси және гуманитарлық салалардағы, транзиттік мемлекеттердің проблемалары, сондай-ақ еуропалық елдерде баспана берудің пәрменді жүйесін қалыптастыруға байланысты мәселелер енгізілді.
Қазақстандық делегация «Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен қатынастары» қарарын әзірлеу жөніндегі баяндамашы болып табылатын Германия Бундестагының депутаты, ЕКПА Саяси мәселелер және демократия жөніндегі комиссиясының мүшесі Аксел Эдуард Фишермен жұмыс бабындағы кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясымен ынтымақтастығын нығайту және одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Болгар парламентшілерімен де кездесу болды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды