- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 млн-нан астам қария скринингтік тексеруден өтті
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 млн-нан астам қария скринингтік тексеруден өтті
«Ересек тұрғындар мақсатты тобының арасында әлеуметтік маңызды ауруларды анықтауға арналған Ұлттық скринингтік бағдарламаны жүзеге асыру аясында жыл сайын 2 млн-ға жуық қарт азаматтар скринингтен өтеді. Осылайша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 1 млн-нан астам адам тексеруден өтті», - деді С.Жақыпова.
Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі аясында еркін таңдау қағидасы бойынша қарт азаматтар республиканың кез келген медициналық ұйымында жоғары мамандандырылған медициналық көмек ала алады.
Қарт адамдарды, оның ішінде жалғызбасты және тасымалдауға жатпайтын адамдарды күндізгі стационар және үй стационары жағдайында оңалтуға жағдай жасалуда.
«2011 жылдан бастап барлық емханаларда әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар қызмет етуде. Олар ерекше ықыласты қажет ететін созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға көмек көрсетеді», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Мерекенің басты мақсаты – қоғам назарын қарт жастағы азаматтардың проблемаларына аудару. Қазіргі таңда республикада 1 млн. 950 мыңнан астам қарт азаматтар бар.
Анар Тәңірқұлова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады