• Басты
  • Қазақстанда қарттар мен мүгедектерге арналған 49 МӘМ жұмыс істейді – ДСӘДМ
1 Қазан, 2015 16:13

Қазақстанда қарттар мен мүгедектерге арналған 49 МӘМ жұмыс істейді – ДСӘДМ

Қазақстанда қарттар мен мүгедектерге арналған 49 МӘМ жұмыс істейді.Бұл туралы бүгін ҚР ДСӘДМ-де өткен «Қарттарға мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы» атты брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Қазақстанда қарттар мен мүгедектерге арналған 49 МӘМ жұмыс істейді – ДСӘДМ

«Қазақстандағы жалғыз басты қарттар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік көмек бөлімшелерінің желісі құрылды.Өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігі толық немесе жартылай шектелген адамдар жартылай стационар жағдайында медициналық және оңалту қызметтерін алады, не болмаса медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамсыздандыруда болады», - деді ол.

Республикада бүгінде 4,7 мың азаматқа (оның ішінде 2,7 мыңнан астамы әйелдер) қызмет көрсететін 10 оңалту  (күндізгі бөлім) орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, 7 мыңнан астам адам тұратын қарттар мен мүгедектерге арналған 49 МӘМ қызмет көрсетеді. 

 «Қарттарға медициналық көмек кепілді тегін мемлекеттік медициналық көмек аясында республикалық, сондай-ақ, аймақтық деңгейде де тегін көрсетілуде», - деп атап айтты Вице-министр.  

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар