- Басты
- Жаңалықтар
- Tech Garden фестивалінде ашық деректер негізінде жасалған үздік мобильдік қосымшалар таңдалды
Tech Garden фестивалінде ашық деректер негізінде жасалған үздік мобильдік қосымшалар таңдалды
Бірінші орын «Soul Team» командасымен әзірленген «Ақылды қала» мобильдік қосымшасына берілді. Қосымша тұрғылықты жерді таңдау кезінде пайдалы болады. Ол мектептердің, дәріханалардың, ауруханалардың орналасуы мен жақындығы туралы, сондай-ақ сол жерде болған ЖЖЕ бұзылуы және қылмыстар туралы мәліметтерді қоса алғанда аудан туралы толық ақпарат береді.
Екінші орынды «Ақ жол» қосымшасымен «SSS» командасы иеленді. Қосымша жол-көлік оқиғалар ең көп орын алған аудандарды саны бойынша көрсетіп қана қоймай, апаттар жиі болатын орынға жақындаған кезде жүргізушіге ескертетін push-хабарлама жіберуді ескереді.
Сонымен қатар, үздіктердің ішінде ашық статистикалық деректер негізін пайдаланған «Abstract Art» командасының жұмысы да болды. Олардың қосымшасы Қазақстан статистикасын графикалық және мәтіндік форматтарда қарауға мүмкіндік береді.
«ҰАТ» АҚ «Ашық деректер» номинациясында өзінің тапсырмасын ұсына отырып, Tech Garden Fest технологиялық әріптестерінің бірі болғандығын еске саламыз.
Технологиялық фестиваль қатысушылары өздерінің жобаларын жасау кезінде, «Қауіпсіз қала», «Жасыл қала», «Электрондық коммерция», «Жаңа медиа», және «Ақылды индустрия және инфрақұрылым» сияқты белгілі бір тақырыптарға назарды тоғыстырулары тиіс болатын.
Хакатон қорытындысы бойынша барлығы 14 жоба ұсынылып, олардың ішінен ашық деректерді пайдаланатын 9 қосымша әзірленген болатын.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев атап өткендей, өтінімдердің осыншама саны ашық деректерге мүдделіліктің жоғары деңгейін растайды. «Барлық ұсынылған мобильдік қосымшалар - жақсы пысықталған, «жетілген» және өте қызықты. Олардың бәрі «Ашық деректер порталында «Қосымша» бөлімінде міндетті түрде орналастырылатын болады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Ashyq-тың функционалы қандай қосымшаларда жұмыс істейді -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы