• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Рау: ЖБИ Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге итермелейді

А.Рау: ЖБИ Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге итермелейді

1 Қазан, 2015 15:03
Жаһандық индекс нәтижелері - Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге итермелейді, деді ҚР Инвестициялар мен даму вице-министрі Альберт Рау.

«Бәсекеге қабілеттілік бойынша сәйкесінше өлшемдер бар. Шетелдік компаниялармен жұмыс істеуде біз 25 орындамыз. Ал, жалпылама 42 орындамыз. Біздің бірінші міндетіміз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру болатын. Содан соң ҚР Президенті 30-дың қатарына ену міндетін қойды. Бұл қиындау болмақ, себебі бұл үш ондықтың құрамына өзгеде мемлекеттер енгісі келеді. Біз әр көрсеткіш жіті бақыланатынын және оған қол жеткізуі үшін жұмыс істелетінін түсінуіміз керек», -деді А. Рау.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 30 қыркүйегіндегі Дүниежүзілік экономикалық форум 2015-2016 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есебін жариялады.

Естептің нәтижесі бойынша Қазақстан 140 мемлекеттің ішінен 42 орынға жайғасты, ол өткен жылғы рейтинг нәтижесінен 8 сатыға көтерілді. Бұл Қазақстан тарихындағы үздік көрсеткіш.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар