• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Пішембаев: Қазақстан алдындағы басты міндет – автоөндірістегі жергілікті қамтуды 50 пайыз деңгейіне көтеру

М.Пішембаев: Қазақстан алдындағы басты міндет – автоөндірістегі жергілікті қамтуды 50 пайыз деңгейіне көтеру

1 Қазан, 2015 14:32
ЕАЭО аясында Қазақстан алдындағы басты міндет – автоөндірістегі 2-3 жыл ішінде жергілікті қамтуды 50 пайыз деңгейіне көтеру, деді Қазақстан машина жасаушыларының форумында Машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев.

«Бүгін ірі автомобиль зауыттары өндірісін ұйымдастыру талқылануда. Демек, ШОБ-ті дамыту, ірі компаниялардың жанында мыңдаған шағын кәсіпорындар жұмыс істеуі керек, олар: айна, орындық, рөл сынды заттарды шығаруы керек. ЕАЭО аясында 2-3 жыл ішінде қазақстандық авто өндіріс саласының деңгейін 50 пайызға жеткізу қажет», - деді М.Пішембаев.

ҚР Машина жасаушылар одағының басшысы айтқандай, проблемаларды сала бойынша қарастыру қажет.

«Автоөндіріс пен мұнай және газ саласында өзіндік проблемалар бар. Мұнай және газ секторын алатын болсақ, өндіру компаниялары өздерінің инвестициялық портфельдерін қысқартады. Ол мұнайдың төмен бағасына байланысты болып отыр», - деді ол.

М.Пішембаев атап өткендей, болашақта  қазақстандық автокөлік қамтылуы 100 пайызды құрауы мүмкін.

«Тойота, Мерседес сынды гиганттардың өзінде 100 % болмайды. 60-70 пайызға тең. Бірақ, 50 пайызға жету қажет. Машина жасау – жоғары технологияның саласы. Бұл саладағы бір жұмыс орны 7-10 жұмыс орнын ұсынады: химия, мұнай химиясы, электротехникалық салада», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар