• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қорғаста Қазақстан-Қытай азық-түлік индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы құрылады

Қорғаста Қазақстан-Қытай азық-түлік индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы құрылады

1 Қазан, 2015 19:26
Қорғаста Қазақстан-Қытай азық-түлік индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы құрылады, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.

Жақын жылдары Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымы бірнеше есе артады. Бұл туралы тараптар Хоргос қаласындағы екі елдің азық-түлік индустриясына арналған екі күндік бизнес-конференциясы аясында уағдаласты.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 20 қазақстандық экспорттаушы компанияның аталмыш конференция жұмысына қатысуын ұйымдастырды.

Күн тәртібінде бидай, ұн, майлы дәнді дақылдар, құс еті мен тамақ өнімдерінің саудасына байланысты маңызды мәселелер көтерілді, сонымен қатар кедендік саясат пен фитосанитарлық карантиндік шараларға назар аударылды.

Қазақстандық бизнесмендер қытайлық әріптестерімен бидай, ұн мен майлы дәнді дақылдар экспорты бойынша іскерлік байланыстарын бір жолға қойды.

Конференцияның елеулі оқиғасы - Қазақстан-Қытай азық-түлік индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Тараптардың шешімі бойынша қауымдастық СҰАА-ға ұн мен бидай импорты бойынша квотаны бөлу, болуы мүмкін екі ел кәсіпкерлерінің арасындағы сауда дауын шешумен айналысатын болады. Алайда, оның басты мақсаты кәсіпкерлерді сұранысқа ие тауарлар туралы жедел хабардар ету.  

Қауымдастықтың теңтөрағасы Қазақстанның сыртқы сауда палатасы болатын болды, ол қауымдастық құрамына енгісі келетін еліміздің экспорттаушыларына көмек көрсететін болады.

Барлық жаңалықтар