• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат ДСҰ-ға енуге бпйланысты ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер енгізді

Сенат ДСҰ-ға енуге бпйланысты ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер енгізді

1 Қазан, 2015 13:24
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары екінші оқылымда «Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады.

Аталмыш құжат ҚР заңнамасын ДСҰ-ның нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруге бағытталған.

Заң жобасында тауарларды сатып алу, жұмыс пен жер қойнауын пайдалану қызметінде  жергілікті қамту мәселелерін реттеуге арналған нормативтерді үйлестіру қарастырылған.

Құжатқа сәйкес телекоммуникация қызметі нарығы, мемлекеттік сатып алулар, субсидия мен өтемақы шаралары және дәрілік заттарды тіркеу мен зияткерлік меншік салалары бойыншада түзтулер енгізілген.

Заң жобасының жеке нормалары тек ДСҰ принциптеріне сәйкес анықтауға және терминдерді пайланылуға бағытталған.

Барлық жаңалықтар