- Басты
- Жаңалықтар
- 12 мыңнан астам қазақстандық осы күзде мерзімді әскери қызметке шақырылады
12 мыңнан астам қазақстандық осы күзде мерзімді әскери қызметке шақырылады
Шақыруды ұйымдастыру және өткізумен жергілікті әскери басқару органдарымен (әскери комиссариат) бірлесіп жергілікті атқару органдары (әкімдіктер) айналысуда. Шілде мен қыркүйек аралығында шақыру контингентін зерделеу, шақырылушылармен, олардың ата-аналарымен, олар оқып жүрген және жұмыс атқарып жүрген оқу орындары, кәсіпорын өкілдерімен жеке әңгімелер жүргізілді.
Әскери бөлімдер бойынша іріктеу және бөлу кезінде шақырылуға дейінгі болашақ мерзімді әскерилердің алған мамандықтары, денсаулық жағдайы, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі. Қосымша медициналық куәландыру, яғни, наркологиялық тестілеу, гепатит пен туберкулезге зертханалық зерттеу шаралары көзделген.
Әскери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық және аумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады. Шақыру кампаниясы барысында қазан мен желтоқсан аралығында арнайы «қауырт желі» жұмыс атқаратын болады. Азаматтарды шақырудың барлық мәселелері бойынша ҚР ҚК мен ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының өкілдері кеңес береді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа босату туралы және Қазақстан Республикасы азаматтарының сәуір-маусым мен қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылымы туралы» ҚР Президентінің жыл сайынғы Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді