• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанайда 2016 жылдың соңына қарай Jac қазақстандық-қытайлық автокөліктің өндірісі басталады

Қостанайда 2016 жылдың соңына қарай Jac қазақстандық-қытайлық автокөліктің өндірісі басталады

1 Қазан, 2015 13:02
«АгромашХолдинг» АҚ зауытында 2016 жылдың соңына қарай Jac бірлескен қазақстандық-қытайлық автокөліктің өндірісі басталады, деп хабарлады Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев Астанадағы Қазақстан машина жасаушыларының III форумында.

«Jac автокөліктері «АгромашХолдингтің»  қостанайлық зауытында құрастырылатын болады. Өндірісті бастауға дайындық 2016 қазан айында аяқталады. Алғашқы үлгілер келер жылдың аяғында шығарыла бастайды. Жаңа үлгінің құны 11 мың доллардан басталады», - деді А.Лаврентьев.

Айта кетерлік жайт, қазақстандық өндірістегі қытайлық Jac  автомобильдері ресейлік нарыққа экспортталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айының басындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға сапары аясында қытайлық компания JAC Motors пен СМС арасында JAC брендімен автомбиль өндірісін бастау туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар