• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Қазақстан мен Иран арасындағы халықаралық жүк тасымалдау туралы келісімді ратификациялады

Сенат Қазақстан мен Иран арасындағы халықаралық жүк тасымалдау туралы келісімді ратификациялады

1 Қазан, 2015 12:47
ҚР Парламент Сенатының депутаттары «Қазақстан мен Иран арасындағы халықаралық жүк тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Астанада 2014 жылдың 9 қыркүйегінде қол қойылған құжатты ратификациялау аталмыш тасымалдауларды қадағалайтын орган жұмыстарын реттеп, құжаттардың берілуін қамтамасы етеді.

Бұл ретте келісім тараптар мемлекеттері арасындағы жолаушылардың,  жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын реттеу мәселелерін шешетін болады. Құжатқа сәйкес, жолаушыларды тұрақты транзиттік тасымалдауды қоспағанда жолаушыларды тұрақты тасымалдау рұқсаттар негізінде жүзеге асырылатын болады. Келісім бойынша Тараптардың бірінің мемлекетінің тасымалдаушыларына екінші Тарап мемлекетінің аумағы шегіндегі пункттер арасында жолаушы мен жүк тасымалын жүзеге асыруға тыйым салынады. Келісімге сәйкес, екіжақты транзиттік және үшінші елдерге тасымалдау рұқсат ету негізінде жүзеге асырылады. Бұл шарттар еліміздің жеткізушілері үшін тиімді әрі еліміздің халықаралық транзиттік әлеуетін дамытады.

Қазақстан мен Иран арасындағы халықаралық жүк тасымалдау бір көлікке тиесілі рұқсат қағазы арқылы жүзеге асырылады. Екі елдің сәйкес органдары жыл сайын тасымалдау жүгінің рұқсат саны мен келісімнің уақытын белгілейді.

 

Барлық жаңалықтар