• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан, Ресей мен Беларусь жүк вагондары паркін жаңарту міндетін қойып отыр -сарапшы

Қазақстан, Ресей мен Беларусь жүк вагондары паркін жаңарту міндетін қойып отыр -сарапшы

1 Қазан, 2015 12:42
Қазақстан, Ресей мен Беларусь серіктестіктің басымдық берілген бағыттарының бірі ретінде темір жол техникасын өндіру саласын атап көрсетті, онда жүк вагондары паркін жаңарту міндеті қойылған, деп хабарлады ЕЭК өндірістік саясат департаменті өндірістік субсидия бөлімінің бастығы Людмила Цыбульник Қазақстан машина жасаушыларының III форумында.

«Өткен айдағы үкіметаралық кеңестің отырысында 5 мемлекеттің өкілдері ЕАЭО аясындағы өндірістік ынтамақтастықтың негізгі бағыттары анықталған шешімге қол қойды. Бұл орташа мерзімді болашаққа есептелген стратегиялық құжат. Аталған құжат аясында  Қазақстан, Ресей мен Беларусь серіктестіктің басымдық берілген бағыттарының бірі ретінде теміржол техникасын өндіру саласын атап көрсетті», - деді ол.

Л. Цыбульник айтуынша, Қазақстан, Ресей мен Беларусь жүк вагондары паркін жаңарту міндетін қойып отыр, себебі бүгінде олардың тозығы жеткен.

«ЕАЭО өндірушілері жалпыға ортақ жүйеден алшақ жұмыс істеуде, оның географиялық ауқымы үлкен және техникалық ерекшеліктері тағы бар. Олар 1970-80 жылдардағы ескірген нормативтерге сай», - деп атап өтті ол.

Айта өтейік, бүгінде локомотивтер мен жүк вагондарының ірі экспорттаушылары Қытай, Германия, Украина, Мексика, АҚШ пен Ресей.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар