• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО аясында темір жол саласы өндірушілерінің бірыңғай ақпараттық ортасын құру жоспарланған

ЕАЭО аясында темір жол саласы өндірушілерінің бірыңғай ақпараттық ортасын құру жоспарланған

1 Қазан, 2015 12:36
ЕАЭО аясында темір жол саласы өндірушілерінің бірыңғай ақпараттық ортасын құру жоспарлануда, деді Қазақстан машина жасушыларының III форумы аясында ЕЭК өндірістік саясат департаментінің өндірістік субсидия бөлімінің басшысы Людмила Цыбульник.

«Комиссия  ынтымақтастықтың 8 бағытын қосатын жоба әзірленді. Бұл  одақ аясында жеке өндірісін дамыту, ішкі нарықтағы темір жол машина жасау саласында өзара байланыс кедергілерін жою, демек әкімшілік кедергілерді ЕАЭО аймағында өндірістік тауарларды жылжыту бойынша жою болып саналады», - деді  Л. Цыбульник.

Оның айтуынша, аталмыш бірыңғай база оңай әдіс арқылы жаңа клиенттерді табуға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ, халықаралық стандартту жүйесін дамытуға септігін тигізер еді. Жақын арада бағдарлама жобасы ЕАЭО аясындағы елдердің Үкіметіне қарауға жіберіледі.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар