• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат АҚШ-та сотталған Қазақстан азаматтарын қайтаруға мүмкіндік беретін конвенцияны қабылдады

Сенат АҚШ-та сотталған Қазақстан азаматтарын қайтаруға мүмкіндік беретін конвенцияны қабылдады

1 Қазан, 2015 12:03
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Аталмыш құжат 1993 жылдың 9 маусымында Манагуада қабылданған. Конвенцияға 19 мемлекет мүше болып табылады, соның ішінде бұған Америка құрылығының Бразилия, Канада, Мексика, АҚШ секілді 16 елі қосылған, ал қалған үшеуі Сауд Арабиясы, Чехия мен Үндістан секілді Америка құрлығына жатпайтын мемлекеттер. 

Солардың арасына конвенцияға қосылатын тұңғыш Орталық Азия мемлекеті ретінде Қазақстан да енгелі отыр. Осылайша, Қазақстан бір конвенцияны қабылдау арқылы  бір мезгілде 19 елмен қарым-қатынас орната алады деген сөз.

Барлық жаңалықтар