• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкіметі елдің машина жасау саласын дамыту үшін үш негізгі бағытты әзірледі

ҚР Үкіметі елдің машина жасау саласын дамыту үшін үш негізгі бағытты әзірледі

1 Қазан, 2015 11:59
ҚР Үкіметі елдің машина жасау саласының дамуы үшін үш негізгі бағытты әзірледі, деді Қазақстан машина жасаушыларының III форумында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

«Бүгін заманауи экономикалық істер аталмыш форумды өткізуге мүмкіндік беріп отыр, бұл күн тәртібіндегі өзекті мәселелер. Әлемдік экономикада болып жатқан үрдістер біздің елдің терең ықпалдасуы аясында, халықаралық сауда байланыстары орын алып жатқандықтан бізге отандық экономиканы дамытудың жаңа әжістері мен даму жолдарын әзірлеуге итермелейді, оның ішінде машина жасау саласы да бар», - деді М.Мырзағалиев.

Оның айтуынша, ҚР Үкіметі елдің машина жасау саласының дамуы үшін үш негізгі бағдарламаны әзірледі.

«Бүгінде Үкімет үшін басымдықта отандық машина жасау саласын өнім бәсекелестігін  дамыту арқылы жоғарылату тұр. Отандық тауар мен қызмет көрсетуге ынталандыру жасау. Отандық тауар өндірушілері мен жетекші шетелдік компаниялар  арасында қолайлы жағдай тудыру», - деді вице-министр.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар