• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақ хандығының 550 жылдығы: Ақтөбеде «Ұлы дала нақыштары» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Қазақ хандығының 550 жылдығы: Ақтөбеде «Ұлы дала нақыштары» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

1 Қазан, 2015 14:47
Қазақ хандығының 550 жылдығы: Ақтөбе облысында «Ұлы дала нақыштары» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады облыстың ІСБ.

Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Ұлы дала нақыштары» халықаралық  көрме-жәрмеңкесі  «Қоныс» Спорт Сарайы алаңы алдында тігілген 12 киіз үйде  орналасады. Киіз үйлер айналасына ақтөбелік мүсіншілердің  Әбілқайыр хан, Қобыланды мен Құртқаның, Тайбурылдың және темірден дәнекерлеу тәсілімен жасалған «Қош келдіңіздер», «Садақшы», «Тотем», «Шаман» атты мүсіндік композициялар қойылды.

Көрме-жәрмеңкеге еліміздің Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Қостанай облысы Арқалық қаласы, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларымен қатар,  Монғолиядан, Қырғызстан, Ресейдің  Нижний Тагил, Орынбор, Невьянск  қалаларынан, сонымен қатар Ақтөбе облысынан жалпы саны 50-ден астам шеберлер қатысады.

Шеберлер сәндік-қолданбалы өнер түрлерінен, ағаштан, зергерлік өнерден, саз балшықтан,ши тоқудан, кесте тігуден  шебер класстарын өткізеді. Сонымен қатар халықаралық «Дизайн дебют» байқауының жеңімпазы, суретші-модельер Әсел айруланың «Ғасырлар өрнегі» киізден тігілген киімдерінің топтамасы көрсетіледі. 

Барлық жаңалықтар