• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Рау: Форум шетелдік серіктестермен машина жасау саласында бірлескен жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді

А.Рау: Форум шетелдік серіктестермен машина жасау саласында бірлескен жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді

1 Қазан, 2015 11:42
Форум шетелдік серіктестермен машина жасау саласында бірлескен жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл жөнiнде бүгiн Астанада өтiп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының III форумында ҚР Инвестициялар жне даму вице-министрi Альберт Рау мәлiмдедi.

 «Мұнай бағасы құлдырағанда iшкi сұраныс төмендеп, бiз оны бiрден сезiндiк. Қазіргі таңда жыл басынан берi сала бойынша төмендеу 29%-ды құрап отыр. Алайда, жақсы жаңалық та бар. Шiлде айымен салыстырғанда тамызда өсiм 119%-ды құрады. Яғни, машина жасау саласы экономикадағы жағдайға бейiмделiп, қалпына келіп жатыр», - дедi ол. 

А.Раудың мәлiмдемесiне сәйкес, тамыз айында машина жасау саласындағы сұраныс пен өндiрiстiң ұлғаюына елде автокредиттеу процесiнің iске қосылуы ықпал еткен. 

«Біз машина жасау нарығын қорғап қалуымыз керек, оны әдістемелік шаралармен қалай қорғау керектігін осы панельден тыңдаған өте қызықты болады. Шаралар КО ішінде келісілген болуы керек», - деді вице-министр.

Ботагөз Айтжанова
 

Барлық жаңалықтар