- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат ЕАЭО аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы келісімді ратификациялады
Сенат ЕАЭО аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы келісімді ратификациялады
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы өз жұмысын бастайды. Сонымен, ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын «алтын стандарт») сай келетін медициналық дәрілік заттар таратылады.
Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер ЕЭО аумағында Еуропалық одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу қағидаларынан өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады.
Келісімді ратификациялау туралы ҚР Заңын қабылдау еліміздің ұлттық заңнама жүйесіне қайшы келмейді. Ол мүше-мемлекеттердің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы заңнамаларын үйлестіру арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, мүше-мемлекеттер халықтарының денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердің жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы келісімге қол қойылды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге 2014 жылдың 23 желтоқсанында қол қойылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді