• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2020 жылға қарай магистральді темір жол желісінің ескіру деңгейін 45 пайызға дейін төмендету жоспарланған

ҚР-да 2020 жылға қарай магистральді темір жол желісінің ескіру деңгейін 45 пайызға дейін төмендету жоспарланған

1 Қазан, 2015 11:29
Қазақстанда 2020 жылға қарай магистральді темір жол желісінің ескіру деңгейін 40-45 пайызға дейін төмендету жоспарланған,деді Қазақстан машина жасаушыларының III форумында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев.

«Ел экономикасы үшін теміржол көлігі жұмысының маңызы есепке алына отырып Қазақстанның теміржол көлігі саласын одан ары дамыту бойынша жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізілді, ол 2020 жылға дейін Қазақстанның көлік инфрақұрылымы жүйесін интеграциялау және дамыту бағдарламасының негізіне айналды», - деді Ә. Асаубаев.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты теміржол саласының жұмыс істеуі үшін және құқықтық мүмкіндіктер үшін қолайлы жағдай жасау, ұлттық жолаушылар мен жүк тасымалдайтындарды дамыту. Сонымен қатар, бағдарламада теміржол инфрақұрылымының негізгі активтері мен отандық теміржол машина жасушыларды дамыту қарастырылған.

«Бағдарламаны жүзеге асыру аталмыш саладағы бірқатар мәселелердің шешімін тауып береді. Оларға жүк, жолаушылар вагондары мен локомотивтердің, теміржол инфрақұрылымының тозуы, ауыстыру процессін ұйымдастыруға байланысты мәселелер жатады», - деді ол.

Осы ретте, комитет басшысы түсіндіріп кеткендей, локомотив өндірісінде оқшаулау деңгейі 50%-дан, жүк тасымалдаушылар өндірісінде  90%-дан кем болмауы тиіс.

«Аталмыш бағдарлама аясында 2020 жылға дейін отандық өндірушілерден 17 мың дана жылжымалы құрам сатып алу көзделген болатын, алайда Қазақстандағы және жалпы әлемдегі экономикалық жағдайды ескере отырып бұл жоспарға түзетулер енгізу керек болады», - деп атап өтті Ә.Асаубаев.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар