- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясындағы мерекелік шаралар өтуде
Ақтөбе облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясындағы мерекелік шаралар өтуде
Аталмыш шара аясында аса көрнекті саяси қайраткер Әбілқайыр ханның жерленген жері «Хан моласында» мемориалды кешеннің (кесене) ашылуы болды. Мемориалды кешеннің абаттандырылған аумағында ескерткіш стелла, кесенесі орнатылған. Сонымен қатар Әйтеке би ауданының Толыбай ауылында Әбілқайыр хан музейі ашылды.
Әбілқайыр ханға арналған мемориалды кешеннің тұсаукесері аясында облыс орталығында және Әйтеке би ауданында қоғамдық-маңызды және мәдени-спорттық шаралар, соның ішінде «Қазақ хандығының дамуы: оқиғалар, тұлғалар» халықаралық ғылыми конференциясы, халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, фотокөрме, республикалық ақындар айтысы, Тілеу батыр ескерткішінің ашылуы және т.б.шаралар өтті.
Бұл шараларға мемлекет және қоғам қайраткерлер, белгілі ғалымдар, еліміздің Астана, Алматы және де басқа қалаларынан, Ресей Федерациясынан делегациялар қатысты.
Бірінші күні іс-шаралар Ақтөбе қаласында, содан кейін Әйтеке би ауданының Толыбай ауылында жалғасын тапты. Әйтеке би ауданының Толыбай ауылында Әбілқайыр хан мемориалды кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл жерде этноауыл ашылды, ат спортынан жарыстар және ұлттық ойындар өтті
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді