• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е. Ыдырысов Елбасының БҰҰ лаңкестікке қарсы коалиция құру бастамасының маңыздылығын атап өтті

Е. Ыдырысов Елбасының БҰҰ лаңкестікке қарсы коалиция құру бастамасының маңыздылығын атап өтті

1 Қазан, 2015 17:07
Нью-Йорк қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың төрағалығымен өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық дебаттарына қатысты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлемдік мінберден Қазақстанның халықаралық мәселелерге қатысты прициптік ұстанымдары айқындалды.

Е. Ыдырысов атап өткендей, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайлар оншақты жылдар бойы ғаламдық қауіпсіздікті тұрақсыздандырып келеді. Ол израильдік және палестиналық басшыларды олардың халықтарының заңды алаңдаушылықтарына жауап беретін бейбіт келісімге қол жеткізу мақсатында жауапкершілік пен ерік танытуға шақырды.

Е. Ыдырысов Президент Н.Ә. Назарбаевтың 28 қыркүйектегі БҰҰ БА саяси дебаттарындағы айтқан сөздеріне сілтеме жасай отырып, «біз БҰҰ 70 жылдық тарихында революциялар мен соғыстардың лимитін тауыстық, енді біздің көрегендігіміз бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне жұмыс жасауы тиіс. «Араб көктемі» мемлекетаралық қарым-қатынастарды күрделендіріп, адамзат әлеуетінің дамуына тек теріс әсерін тигізіп, біздің қоғамды артқа тастайтынына көз жеткізді», − деп атап өтті.

Сыртқы саяси ведомство басшысы Сириядағы гуманитарлық апатты әлемнің ең күрделі дағдарыстардың біріне айналғанын және ол аймақтық мәселеден ұлғайып кеткенін айтып кетті.

Қазақстан БҰҰ, Араб мемлекеттерінің лигасы, АҚШ және РФ секілді халықаралық қауымдастық пен сириялық билік пен оппозицияның диалог пен татулық жолымен, тез арада зорлық пен қантөгісті тоқтату арқылы Сирияның саяси болашағын айқындауға қосып отырған күш-жігерін қолдайтыны аталып өтілді.

«Біз сириялық билік пен оппозицияның арасындағы келіссөздер осы қақтығысты реттеу жөніндегі женевалық үдерістің шеңберінде өз жалғасын табады деп сенеміз. Қазақстан Сирияның ішкі дағдарысы тек қана бейбіт жолмен шешілуі тиіс деген ұстанымға берік», − деді Е. Ыдырысов.

Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және Әлем және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезді, негізгі мақсаты бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал жасау үшін саяси диалог пен өзара ықпалдасу алаңын қамтамасыз ету болып табылатын, ү.ж. маусым айында өткізілген зорлық экстремизмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік конференция секілді маңызды бастамалары туралы ақпараттандырды. Осы орайда ол Қазақстан басшысының лаңкестікпен күресу мақсатында БҰҰ жанында Ғаламдық контртеррористтік желі жасап шығару туралы жаңа бастамасына назар аударды.

Е. Ыдырысов Қазақстанның халықаралық лаңкестікпен күрес және Таяу Шығыста бейбітшілік орнатудағы ұжымдық күш-жігерге өз ұстанымын растап, ғаламдық сындарға әрекет етуде өзінің нақты үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді.

Сол күні БҰҰ алаңында Е. Ыдырысовтың шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулері жалғасын тапты.

Гвинея, Зимбабве, Қатар, Колумбия, Марокко, БАӘ, Тринидад және Тобаго сыртқы саяси ведомстволар басшыларымен өткізген келіссөздерінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық саясаттың өзекті тақырыптары талқыға салынды.

Келіссөздер аясында қазақстандық министр Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшелікке кандидатурасы қолдауға ие болады дегенге сенім арта отырып, Қазақстанның ядролық қарусыздануға, тұрақты даму мақсаттарына және Оңтүстік-Оңтүстік ғаламдық бастамасын ілгерілетуге қосқан тарихи үлесін айтып берді.

Е. Ыдырысов екіжақты ынтымақтастықтың оң деңгейі, сонымен қоса халықаралық күн тәртібінің бірқатар мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдар әрі қарай тиімді ықпалдастықтың кепілдігіне айналады деп сенім артты.

Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уэнди Шерманмен кездесу өткізіліп, мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың кездесуіндегі нәтижелерді, екіжақты стратегиялық қарым-қатынасты дамытудың нақты қадамдары талқыланды.

 

Барлық жаңалықтар